Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2019 жылғы желтоқсан айының 30 күнгі №83-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Орал қ., «Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КЕАҚ сынақ орталығының 2017 жылдың қантар айының 23 күні берілген № КZ.Т.09.0147 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының құрылыс өнімдерінің бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары К.Н. Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

