Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2020 жылғы маусым айының 18 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 49 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. 1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханасы аккредиттелсін:
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Атырау облысы бойынша филиалының Махамбет аудандық бөлімшесінің сынақ орталығы;
Атырау облысы, Исатай ауданы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Атырау облысы бойынша филиалының Исатай аудандық бөлімшесінің сынақ орталығы.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігінің Х. Сулейманова атындағы Республикалық сот сараптамасы орталығының сынақ зертханасы;
Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бас криминалистикалық-сараптау орталығының сынақ зертханасы;
Ақтөбе қ., «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ-ң қоршаған ортаны қорғау зертханасы;
Ақсай қ., «Аксайгазсервис» АҚ-ң техникалық диагностика және бұзбай бақылау сынақ зертханасы.
2.2 Атырау қ., «Казахстанский центр метрологии» ЖШС-ң филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Ақпаратты техникалық қорғау орталығы» РММ өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органы;
Ақтау қ., «Stratum CER» (СТРАТУМ КЭР) ЖШС-ң сынақ зертханасы.
3.2 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының қысқартылуына байланысты:
Ақтөбе қ. «Манар» ЖШС-ң сынақ орталығы;
Шымкент қ., «ЭкоФарм Интернейшнл ЖШС-ң сынақ орталығы.
3.3 ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Нұр-Сұлтан қ., «Астанақұрылыссервис» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Семей қ., «Семей цемент зауыты» өндірістік компаниясы» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Өскемен қ., «Қазақстан аграрлық сараптамасы» АҚ-ң Шығыс Қазақстан филиалының сынақ зертханасы;
Шымкент қ., «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Өскемен қ., «East Rich плюс» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Алматы қ., «Ақыл-ойы және дене бітімі дамуының бұзылулары бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби-еңбекпен оңалту орталығы» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
«Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Алматы қ., «UniTestNew ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
3.4 Шымкент қ., «Автоматика Прибор Ремсервис» ЖШС-ң калибрлеу зертханасының мекен-жайы атауының өзгеруіне байланысты.
4. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1, 2, тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
5. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

