Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 22 сәуірдегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының
№ 245, 246, 247, 248, 250 және 259 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO / IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау. Өнімдерді, процестерді және қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес ТОО «BALTIC CONTROL KZ CERTIFICATION» /БАЛТИК КОНТРОЛ КЗ СЕРТИФИКЕЙШН/ өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органы Нұр-Сұлтан қ., аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO / IEC 17043-2013 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілік тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар» талаптарына сәйкес "Мedi TEC-NS"ЖШС Қарағанды қаласындағы филиалының біліктілікті тексеру провайдері, Қарағанды қ. аккредиттелсін:
3.ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес «Ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігін техникалық бақылау құрылыстар» ЖШС сынақ-мобильді зертханасы, Қарағанды қ., аккредиттелсін.
4.Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу аттестатын қайта ресімделсін:
1) «Фирма сауда палатасы» ЖШС өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органы Нұр-Сұлтан қ.;
2)"Гринпром-ПВ" ЖШС тексеру зертханасы, Павлодар қ.;
3) "Қазақстан метрология орталығы" ЖШС тексеру зертханасы Атырау қ.
5. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты "МЫРЗА-ХАН" ЖШС Ақмола филиалының медициналық зертханасы, Көкшетау қ., аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
6. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталыгы) құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың 1,2 және 3 тармактарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
7. Ұлттык аккредиттеу орталыгы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Шоқбарбаев Н.Т. жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

