Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 20 мамырдағы № 14-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
- Астана қ., «Казлифтконсалтинг» ЖШС-ның сынақ зертханасының 2020 жылғы 5 маусымдағы № KZ.T.01.1072 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
- «ҰАО» РМК-ның Мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілері тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
- «ҰАО» РМК-ның Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурсқа орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМК-ның аппарат басшысы М. Б. Копабаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

