«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы No 285 Жарлығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Юг Астат Innovation» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2015 жылдың 23 маусымдағы KZ.П.16.0731 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі төтенше жағдайдың күшінде болу кезеңінде 2020 жылғы 23 маусымнан 2020 жылғы 18 тамызға дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектіні хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 23 маусымнан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

