«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 15 сәуірден 2026 жылғы 15 шілдеге дейін ұзартылсын:
1) Орал қ., «Жайықгидрогеология» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.09.E0143 аккредиттеу аттестаты;
2) Астана қ., «Инжиниринговая Компания «МунайГаз» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.01.E0145 аккредиттеу аттестаты;
3) Шымкент қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалының Шымкент қалалық бөлімшесінің сынақ орталығының № KZ.T.16.1095 аккредиттеу аттестаты;
4) Алматы қ., «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.02.0695 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 15 сәуірден бастап туындайтын қатынастарға таралады.

