Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 19 мамырдағы № 197 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
-
ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
- Екібастұз қ., «Энерго Спец Строй» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
- Алматы қ., «QazNomadPro» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
- Ақтөбе облысы, Қандыағаш қ., «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Қандыағаш сигнализация және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы.
- ГОСТ ISO/IEC 17043-2013 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар» талаптарына сәйкес Қызылорда қ., Қызылорда облысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының біліктілікті тексеру провайдері аккредиттелсін.
-
Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
- Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы Шиелі аудандық бөлімшесінің сынақ зертханасы;
- Алматы қ., «Интер Трасса» ЖШС-ның сынақ зертханасы.
- Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты Ақтау қ., «Мангистауметросервис» ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
- «ҰАО» РМК Экономика, жоспарлау және ішкі аудит басқармасы осы бұйрықтың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
- «ҰАО» РМК Мониторингтеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілері тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
- «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурсқа орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМК-ның аппарат басшысы М. Б. Копабаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

