«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 12 сәуірден 2026 жылғы 12 шілдеге дейін ұзартылсын:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК филиалы Алматы қаласы бойынша Сот сараптамалары институты сынақ зертханасының № KZ.T.02.1677 аккредиттеу аттестаты;
2) «Қамқор Локомотив» ЖШС «Ақтөбе локомотив жөңдеу депосы» филиалының салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.05.0899 аккредиттеу аттестаты;
3) Екібастұз қ., «БЕРЕКЕ 2004» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.14.0036 аккредиттеу аттестаты;
4) Павлодар қ., «Каустик» ЖШС сынақ орталығының № KZ.T.14.E0147 аккредиттеу аттестаты;
5) Жетісу облысы, «Текелийский энергокомплекс» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.04.E0140 аккредиттеу аттестаты;
6) Астана қ., «Астанасертификация» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.01.E0134 аккредиттеу аттестаты;
7) Алматы қ., «Волковгеология» АҚ филиалы «Орталық тәжірибелі-әдістемелік экспедициясы» Химия-аналитикалық партиясының (зертханасының) № KZ.T.02.E0139 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 12 сәуірден бастап туындайтын қатынастарға таралады.
