Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2025 жылғы 8 мамырдағы № 6-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ.,«Q-Auto Test» ЖШС-ның сынақ зертханасының 29.09.2023 жылы берілген № KZ.T.02.2585 аккредиттеу аттестаты қайта жаңғартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК аппарат басшысы М. Б. Копабаевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

