Шымкент қ., «Құрылыс Сапа» ЖШС сынақ зертханасы саласындағы (бұзылмайтын бақылау) сынақтар бойынша аккредиттеу саласының бөлігін.уақытша жарамсыз деп тану туралы.
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2) тармақшасына сәйкес және 2022 жылғы 15 сәуірдегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 3-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Шымкент қ., «Құрылыс Сапа» ЖШС сынақ зертханасы 2021 жылдың 17 мамырында берілген № KZ.T.16.E0199 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының зылмайтын бақылау сынақтар бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3.Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Шоқбарбаев Н.Т. жүктелсін.
5.Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

