Ақтөбе қ., менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган Ақтөбе филиалының «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ аккредиттеу саласының «құрылыс» өнімі бойынша бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2) тармақшасына сәйкес және 2022 жылғы 25 сәуірдегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 4-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Ақтөбе қ., менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган Ақтөбе филиалының «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ 2019 жылдың 1 шілдесінде берілген № КZ.О.01.0317 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының құрылыс өнімі бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Шоқбарбаев Н.Т. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

