Нұр-сұлтан қаласындағы "Nomad Eco" ЖШС сынақ зертханасының өнім (табиғи (жер үсті, жер асты, топырақ, артезиан, қабат, теңіз, өзен, еріген, атмосфералық жауын-шашын) бойынша аккредиттеу саласының уақытша жарамсыз бөлігін қайта жаңғырту туралы
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комисиясының 2022 жылғы сәуір айының 15 күнгі № 3-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Нұр-сұлтан қ., «NOMAD Eco» ЖШС сынақ зертханасын 2017 жылдың желтоқсан айының 20 күні берілген №KZ.T.01.1981аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының (табиғи (жер үсті, жер асты, топырақ, артезиан, қабат, теңіз, өзен, еріген, атмосфералық жауын-шашын, суы бөлігінде)) уақытша жарамсыз бөлігі қайта жаңғыртылсын.
2. «ҰАО» РМҚ-ның талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» РМҚ-ның веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Шоқбарбаев Н.Т. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

