Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2024 жылғы сәуір айының 22 күнгі № 7-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Көкшетау қ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сынақ зертханасының 09.02.2022 жылы берілген № KZ.Т.03.E0810 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын бактериологиялық зертхана бойынша аккредиттеу саласының бөлігін қайта жаңғартудан бас тартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

