Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 08 ақпандағы № 10-О хаттамасы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
-
Жамбыл облысы, Тараз қ., «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-1» АҚ-ның Метрологиялық қызметтің салыстырып тексеру зертханасының 25.08.2021 жылғы № KZ.P.08.E0481 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «04 және 13 өлшем түрлері» бойынша саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
-
«ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
-
«ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
-
Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияның хатшылығы аккредиттеу аттестатының күшін жою туралы шешімнің көшірмесін жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектіне жіберсін.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 2-3 тармақтар бойынша - өзіме қалдырамын, 4 тармақ бойынша – «ҰАО» РМК-ң аппарат басшысы М. Копабаевқа жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

