Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
-
"КДЛ ОЛИМП" Маңғыстау филиалы ЖШС медициналық зертханасының 2023 жылғы 16 қарашадағы KZ.M.13.2132 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. Құқықтық және кадрлық жұмыс басқармасы үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
3. Мониторингтеу және талдау басқармасы сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін.
4. Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтында орналастырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

