«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Ақтау қаласы, «Standart-KAZ» ЖШС сынақ зертханасының 2019 жылғы 17 сәуірдегі № KZ.T.13.2203 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 17 сәуірден 2024 жылғы 17 шілдеге дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Еримбетов Б.С. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

