Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және
2021 жылғы 29 сәуірдегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 109 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау өнімдерді, үрдістер мен қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі аккредиттеу субъектісі аккредиттелсін:
«Центр испытаний качества продукции» ЖШС өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органы, Алматы қ.
2. ГОСТ ISO/IEC 17024-2014 «Сәйкестікті бағалау. Персоналды сертификаттауды жүзеге асыратын органдарға қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі аккредиттеу субъектісі аккредиттелсін:
«ДИК Ойл» персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органы, Ақтөбе қ.
3. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
3.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
«KAZ GRAIN SOLUTIONS (КАЗ ГРЕЙН СОЛЮШНЗ)» ЖШС сынақ зертханасы, Көкшетау қ.;
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті» РММ зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы;
«UNI-СЕРВИС» (ЮНИ-СЕРВИС)» ЖШС бұзбай бақылау жылжымалы сынақ зертханасы, Алматы қ.;
3.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханалары аккредиттелсін:
«Қамқор Локомотив» ЖШС «Қарағанды локомотив жөңдеу депосы» филиалының салыстырып тексеру зертханасы, Қарағанды қ.;
«ГЭСПОЛ» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Қостанай қ.;
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Шу сигнализация және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы, Тараз қ.;
«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ «Орталық жүйеаралық электр тораптары» филиалының өлшеу жүйесі мен метрология қызметінің салыстырып тексеру зертханасы, Қарағанды қ.;
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.
4. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
4.2 Келесі аккредиттеу субъектінің аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
«Radio Wave Service» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қ.;
4.3 Келесі аккредиттеу субъектінің аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты:
«SARAP-TAU» ЖШС сынақ зертханасы, Шымкент қ.;
4.4 Келесі аккредиттеу субъектілерінің ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
«ТАУ-КЕН АЛТЫН» ЖШС орталық зауыттық зертханасы,
Нұр-Сұлтан қ.;
«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу» университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының сәулет және құрылыс ғылыми-зерттеу зертханасының сынақ зертханасы, Алматы қ.;
«Павлодар-Водоканал» ЖШС су және жер қыртысын зерттейтін орталық зертханасы, Павлодар қ.;
«Метролог-ПВ» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Павлодар қ.;
«Leica Geosystems Kazakhstan» (Лейка Геосистемс Казахстан) ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
«Аспан-Energy» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Тараз қ.;
«Казақстан мемлекеттік аэрокосмос құралдарын құрастыру университеті» жеке меншік мекемесінің салыстырып тексеру зертханасы, Қарағанды қ.;
«Инженерные Сети ТС» ЖШС калибрлеу зертханасы, Жанатас қ.
4.4 Келесі аккредиттеу субъектісінің мекен жайының атауы және атауының өзгеруіне байланысты:
«Астана-Энергия» АҚ қоршаған ортаны қорғау зертханасы, Нұр-Сұлтан қ. атауы «Астана-Энергия» АҚ қоршаған ортаны қорғау бөлімшесінің сынақ зертханасы , Нұр-Сұлтан қ. атауына өзгеруіне байланысты.
5. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1,2,3 тармақтарда көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын..
6. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, «е-Аккредиттеу» ақпараттық жүйесінен тыс қарастырылған құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС
Бас директорының орынбасары Е.А. Базарбаевқа жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

