«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Павлодар қ., «Промсанитария-ПВ» ЖШС өнеркәсіптік-санитарлық зертханасының 2020 жылғы 11 мамырдағы № KZ.T.14.0512 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 11 мамырдан 2025 жылғы 11 тамызға дейін ұзартылсын.
- «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
- «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директордың бірінші орынбасары Е. Қарасаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2025 жылғы 11 мамырдан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

