«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 884-бабын, «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 26-бабының 7-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Казахстанский Центр Экспертизы и Сертификации» ЖШС-тің 2016 жылғы 15 шілдедегі № KZ.P.01.1763 салыстырып тексеру зертханасының аккредиттеу аттестаты 2020 жылдың 6 қарашасына дейін тоқтата тұрсын.
2. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС веб-сайтына орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

