Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі:
- «Совместное предприятие «Средне Азиатский Центр Сертификации железнодорожного транспорта» ЖШС сынақ зертханасының 2016 жылғы 3 қазандағы № KZ.T.08.1792;
- «Совместное предприятие «Средне Азиатский Центр Сертификации железнодорожного транспорта» ЖШС өнімдердің сәйкестікті растау жөніндегі органның 2019 жылғы 28 ақпандағы № КZ.О.08.0989 аккредиттеу аттестаттарының қолданысы тоқтатылсын.
2. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті қабылданған шешім туралы осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген субъектілерді хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

