«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, және аккредиттеуден кейінгі шарттың 8.2 тармағы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2022 жылғы 27 сәуірден 2022 жылғы 27 шілдеге дейін ұзартылсын:
1) Алматы қ., «Metrology&Certification» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.О.02.0399 аккредиттеу аттестаты;
2) Орал қ., «Западно-Казахстанская машиностроительная компания» АҚ сынақ орталығының KZ.T.09.0071 аккредиттеу аттестаты;
3) Атырау қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалының сынақ орталығының № KZ.T.06.1261 аккредиттеу аттестаты;
4) Тараз қ., «Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша экология департаменті» РММ зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасының № KZ.T.08.0135 аккредиттеу аттестаты;
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

