Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және
2021 жылғы 26 сәуірдегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 108 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымның сынақ зертханасы аккредиттелсін:
«САПА ИНТЕРСИСТЕМ» сынақ орталығы, Алматы қ.;
1.2 Келесі ұйымның салыстырып тексеру зертханасы аккредиттелсін:
«Ли А.Ч.» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
2. «ҰАО» ЖШС Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
3. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС
Бас директорының орынбасары Е.А. Базарбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

