«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, ПРИКАЗЫВАЮ:
- Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 11 мамырдан 2025 жылғы 11 тамызға дейін ұзартылсын:
- Хромтау қ., «Қазхром» ТҰҚ» АҚ филиалы - Дөң тау-кен байыту комбинатының салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.05.0497 аккредиттеу аттестаты;
- Қарағанды қ., «ЭКОЭКСПЕРТ» ЖШС жылжымалы / стационарлық сынақ орталығының № KZ.T.10.0716 аккредиттеу аттестаты;
- Ақтөбе қ., «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы - Ақтөбе ферроқорытпа зауытының өлшеу құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу жөніндегі зертханасының № KZ.P.05.0516 аккредиттеу аттестаты.
- «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
- «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директордың бірінші орынбасары Е. Қарасаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

