Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС Бас директорының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 86-ОД «Нұр-Сұлтан қ., «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» ММ-ң сынақ зертханасын аккредиттеуден бас тарту туралы» бұйрығының күші жойылсын.
2. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг Департаменті «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу департаменті аккредиттеу материалдарын пысықтасын және аккредиттеу бойынша комиссияға ұсынсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС
Бас директорының орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

