«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 16 сәуірден 2024 жылғы 16 шілдеге дейін ұзартылсын:
1) Атырау облысы, «АЛСЕР ЛТД» ЖШС сынақ орталығының 2019 жылғы 16 сәуірдегі № KZ.T.06.2200 аккредиттеу аттестаты;
2) Орал қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының медициналық зертханасының 2019 жылғы 16 сәуірдегі № KZ.M.09.2201 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Еримбетов Б.С. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

