«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2022 жылғы 17 сәуірден 2022 жылғы 17 шілдеге дейін ұзартылсын:
1) Алматы қ., Сертификация & Инспекция «CERINS» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.02.1865 аккредиттеу аттестаты;
2) Алматы қ., Сертификация & Инспекция «CERINS» ЖШС өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.О.02.0329 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

