«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2021 жылғы 25 сәуірден бастап 2021 жылғы 25 шілдеге дейін ұзартылсын;
Ақтөбе қ. ӨК «Сертис-М» сынақ орталығы KZ.T.05.0172;
Павлодар қ. «КазПромБезопасность ПВ» ЖШС сынақ зертханасы KZ.T.14.1727;
Семей қаласы, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Семей өңірлік филиалының сынақ зертханасы және құрылымдық бөлімшесі – Үржар аудандық ветеринариялық зертханасы» KZ.T.17.1096;
Тараз қ. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жамбыл су» ШЖҚ МКК сынақ зертханасы KZ.T.08.1111.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары Е. Мұхтарға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

