«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 6 сәуірден 2026 жылғы 6 шілдеге дейін ұзартылсын:
1) Алматы қ., «Scientia Kazakhstan» ЖШС калибрлеу зертханасының № KZ.K.02.2429 аккредиттеу аттестаты;
2) Ақсай қ., «Аксайгазпроект» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.09.1683 аккредиттеу аттестаты;
3) Рудный қ., «Стандарт-2030» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.11.1679 аккредиттеу аттестаты;
4) Алматы қ., «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.02.E0122 аккредиттеу аттестаты;
5) Астана қ., «Центр сертификации и экспертизы «ТЕСТ» ЖШС сынақ орталығының № KZ.T.01.E0123 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 6 сәуірден бастап туындайтын қатынастарға таралады.

