Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2023 жылғы 19 қаңтардағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 1 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 14065-2016. «Парниктік газдар. Аккредиттеу немесе танудың басқа да нысандары үшін қолданылатын парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС-ң парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі орган, Алматы қ. аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Қазтарасметр» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Тараз қ.;
2) «LUX Cleaner Company» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
3) «dlb» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Астана қ.;
4) «Ақтан-проект» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Атырау қ.;
5) «INSART» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Астана қ.;
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Expertus» ЖШС сынақ / мобильді (жылжымалы) зертханасының Қарағанды қ.;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Нұр-сұлтан қаласы бойынша филиалының сынақ орталығының, Астана қ.;
3) «Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты» ЖШС-ң сынақ зертханасының, Алматы қ.;
4) «Көмір» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС сынақ зертханасының, Қарағанды қ.;
5) «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аналитикалық зертхана» ЖШС сынақ зертханасының, Атырау қ.;
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты «SYNTEK (СИНТЕК)» ЖШС сынақ зертханасының, Алматы қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
5. Орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Алматы облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ зертханасының Алматы қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
6. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
7. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Айтышев М.К. жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

