«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
-
Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 17 қаңтардан 2025 жылғы 17 сәуірге дейін ұзартылсын:
- Астана қ., «Казахстанский центр сертификации на железнодорожном транспорте» ЖШС өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.О.01.0990 аккредиттеу аттестаты;
- Астана қ., «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК Қан қызметінің Республикалық референс-зертханасы» сынақ зертханасының № KZ.M.01.1523 аккредиттеу аттестаты.
-
«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы:
- Тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін;
- Қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
-
«ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директордың бірінші орынбасары Е. Қарасаевқа жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

