Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») РМКаккредиттеу материалдарын қараужөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 179 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:
- ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
- Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы бойынша ҚР санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Қарқаралы аудандық сынақ зертханасының бөлімшесі;
- Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Атамекен ауылдық округі, Атамекен ауылы, «BuyBig Standart» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
- Семей қ., «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» ЖАҚ-ның салыстырып тексеру зертханасы;
- Ақтау қ., «Caspian Inspection Company» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
- Орал қ., «Қазақстан Темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ–«Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Орал сигнал беру және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы;
- Астана қ., «Қазақстан Темір Жолы «Ұлттық компаниясы» – «Жол диагностикасы орталығы» АҚ-ның филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
- Алматы қ., «ИНТЕРЭКС LTD» ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасы.
- ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау. Өнімді, процестерді және қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Алматы қ., «ТДА СЕРВИС» ЖШС-ның өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы аккредиттелсін.
- СТ РК 7.6-2009 «Өлшеулерді орындау әдістемесіне метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеуге қойылатын талаптар» Алматы қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Алматы филиалы МВИ метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын метрологиялық қызмет аккредиттелсін.
- ГОСТ ISO/IEC 17020-2013 «Сәйкестікті бағалау. Инспекция жүргізетін органдардың әртүрлі түрлерінің жұмысына қойылатын талаптар» Қарағанды қ., «Инжиниринг, техникалық қадағалау, тексеру және өнеркәсіптік қауіпсіздік» «Кешенді сараптама компаниясы» ЖШС-ның А типті инспекциялық органы аккредиттелсін.
- Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты Астана қ., «Expert Laboratory» ЖШС-ның сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
- Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты Павлодар қ., «ДИАМЕТ ПВ» ЖШС-ның сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
- Аккредиттеу саласының мекенжай атауының өзгеруіне байланысты Астана қ., «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» «Ақмола жүйеаралық электр желілері» АҚ-ның филиалының салыстырып тексеру зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
- Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
- Алматы қ., «ИНТЕРЭКС LTD» ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасы;
- Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Атамекен ауылдық округі, Атамекен ауылы «Центр экспертизы транспортных средств» ЖШС-ның сынақ зертханасы.
- «ҰАО» РМК экономика, жоспарлау және ішкі аудит басқармасы осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
- «ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
- «ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМК-ң аппарат басшысы М. Б. Копабаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

