«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
-
Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 29 сәуірден 2025 жылғы 29 шілдеге дейін ұзартылсын:
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының және құрылымдық бөлімшесі – Атбасар аудандық ветеринариялық зертханасының № KZ.T.03.0621 аккредиттеу аттестаты;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының сынақ зертханасы және құрылымдық бөлімшесі – Ғ. Мүсірепов аудандық ветеринариялық зертханасының № KZ.T.15.0643 аккредиттеу аттестаты;
- «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Жамбыл филиалының салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.08.0760 аккредиттеу аттестаты;
- «Қазақстан аграрлық сараптамасы» АҚ Шығыс Қазақстан филиалының сынақ орталығының № KZ.T.07.0676 аккредиттеу аттестаты;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалының сынақ орталығының № KZ.T.02.0575 аккредиттеу аттестаты.
- «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
- «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директордың бірінші орынбасары Е. Қарасаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2025 жылғы 29 сәуірден бастап туындайтын қатынастарға таралады.

