«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 884-бабын, «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 26-бабының 7-тармағын басшылыққа ала отырып,
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның салыстырып тексеру және метрологиялық өлшеулер бөлімі Шығыс-Қазақстан филиалының 2015 жылғы 25 тамыздағы № KZ.P.07.0847 салыстырып тексеру зертханасының «06 қозғалыс параметрлері» бөлігінде аккредиттеу аттестаты 2020 жылдың 6 қарашасына дейін тоқтата тұрсын.
2. «Метрологсертстандарт» ЖШС 2016 жылғы 26 шілдедегі № KZ.P.10.1770 салыстырып тексеру зертханасының аккредиттеу аттестаты 2020 жылдың 23 қыркүйегіне дейін тоқтата тұрсын.
3. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Маңғыстау филиалының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № KZ.И.13.1037 салыстырып тексеру зертханасының аккредиттеу аттестаты 2020 жылдың 6 қарашасына дейін тоқтата тұрсын.
4. «Казахстан сертификация» ЖШС 2019 жылғы 21 мамырдағы № KZ.О.10.0103 өнімдердің сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредиттеу аттестаты 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін тоқтата тұрсын.
5. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС веб-сайтына орналастырсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

