«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы No 285 Жарлығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі төтенше жағдайдың күшінде болу кезеңінде ұзартылсын:
- «Kаz M-1» ЖШС сынақ зертханасы (2015 жылдың 10 маусымдағы № KZ.T.13.1613 аккредиттеу аттестаты) 2020 жылғы 10 маусымнан 2020 жылғы 5 тамызға дейін;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының сынақ орталығы (2015 жылдың 10 маусымдағы № KZ.T.10.0737 аккредиттеу аттестаты) 2020 жылғы 10 маусымнан 2020 жылғы 5 тамызға дейін.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектіні хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 10 маусымнан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

