Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 103 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Көкшетау қ., Ақмола облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының медициналық зертханасы аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Ақтау қ., «МБ-Лаб» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
2) Ақмола облысы, Атбасар қ., «CCIC Almaty» (СиСиАйСи Алматы) ЖШС-ң сынақ зертханасы;
3) Ақтау қ., «Nomad Eco» ЖШС-ң гидробиологиялық зертханасы;
4) Ақтау қ., «ДАЕРС» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы;
5) Астана қ., «SKYMAX INNOVATIONS» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
6) Ақсай қ., «Батыс өндіріс-құрылыс сервисі» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы;
7) Алматы қ., «Ecology Expert» (Эколожди Эксперт) ЖШС аналитикалық зертханасы;
8) Ақтау қ. «Besafe» ЖШС-ң сынақ зертханасы.
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Ақтөбе қ., «ТеплоУют» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының;
2) Қостанай қ., Қостанай филиалының «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң сынақ орталығының;
3) Алматы қ., «Қазақтелеком» АҚ-ң филиалы – «Желі» дивизионы» бірлестігінің салыстырып тексеру зертханасының;
4) Атырау қ., «Сертификационный центр OVS» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының;
5) Ақтөбе қ. «Казахойл Актобе» ЖШС-ң сынақ зертханасының;
6) Павлодар қ., «ЦПО Кайсар» ЖШС-ң сынақ зертханасының.
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Қостанай қ., «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ң сынақ зертханрасының;
2) Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қайыңды а. о., Алтынды а., «AltynEx Company» АҚ-ң сынақ-талдау зертханасының;
3) Шымкент қ., «ЮГ СЕРВИС ПРОФИ» ЖШС-ң сынақ зертханасының.
5. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Астана қ., «BSG Enbek Consulting» ЖШС-ң сынақ зертханасының;
2) Алматы қ., «Radio Wave Service» ЖШС-ң сынақ зертханасының,
6. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
7. «ҰАО» РМҚ Талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты орналастырсын.
8. «ҰАО» РМҚ Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет- ресурста орналастырсын.
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Б.С. Еримбетовке жүктелсін.
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

