«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру»
8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 10 маусымнан 2020 жылғы 10 қыркүйекке дейін ұзартылсын:
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалының Атбасар аудандық бөлімшесінің сынақ орталығы 2015 жылдың 10 маусымдағы № KZ.T.03.1616 аккредиттеу аттестаты;
- «VK Lab Servise» ЖШС сынақ орталығы 2015 жылдың 10 маусымдағы № KZ.И.07.0692 аккредиттеу аттестаты;
- «Экогидроконтроль» ЖШС біліктілікті тексеру провайдері 2015 жылдың 10 маусымдағы № KZ.С.02.1612 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

