«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2023 жылғы 23 қаңтардан 2023 жылғы 23 сәуірге дейін ұзартылсын:
1) Астана қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК сапаны сырттай бағалауды ұйымдастыру бөлімінің біліктілікті тексеру провайдері № KZ.C.01.2015 аккредиттеу аттестаты;
2) Астана қ., «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Экология департаменті» РММ зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасының № KZ.T.01.1039 аккредиттеу аттестаты;
3) Батыс Қазақстан облысы, «Автокрансервис» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.09.2005 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Айтышев М.К. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

