Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі:
- «ГОСТ СТАНДАРТ» ЖШС калибрлеу зертханасының 2017 жылғы 27 сәуірдегі № KZ. K.01.1871;
- «ВОСТОКГАЗООЧИСТКА» ЖШС сынақ зертханасының 2018 жылғы 19 шілдедегі № KZ.T.14.2095 аккредиттеу аттестаттарының қолданысы тоқтатылсын.
2. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті қабылданған шешім туралы осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген субъектілерді хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

