«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 10 сәуірден 2024 жылғы 10 шілдеге дейін ұзартылсын:
1) Алматы қ., «Ecology Expert (Эколоджи Эксперт)» ЖШС аналитикалық зертханасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № KZ.T.02.0254 аккредиттеу аттестаты;
2) Қостанай қ., «Производственно-коммерческая фирма «Теплосервис» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № KZ.P.11.0348 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Еримбетов Б.С. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

