«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 3 сәуірден 2024 жылғы 3 шілдеге дейін ұзартылсын:
1) Атырау облысы, «Caspian Offshore Construction Realty» (Каспиан Оффшор Констракшн Реалти) ЖШС сынақ зертханасының 2019 жылғы 3 сәуірдегі № KZ.T.06.2196 аккредиттеу аттестаты;
2) Орал қ., «Орал-Жер» ЖШС сынақ орталығының 2019 жылғы 3 сәуірдегі № KZ.T.09.0390 аккредиттеу аттестаты;
3) Астана қ. «Исследовательский центр по безопасности охране труда, промышленной безопасности» ЖШС сынақ зертханасының 2019 жылғы 3 сәуірдегі № KZ.T.01.2195 аккредиттеу аттестаты;
4) Өскемен қ., «ЛАБОРАТОРИЯ-АТМОСФЕРА» ЖШС аналитикалық зертханасының 2019 жылғы 3 сәуірдегі № KZ.T.07.0215 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Еримбетов Б.С. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

