Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының
5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» РМК ШЖҚ «Математика және механика ғылыми-зерттеу институты» ЕМК ШЖҚ «Компьютерлік ғылымдар» сынақ зертханасының 2018 жылдың 07 тамыздағы № KZ.T.02.2103 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК экологиялық-гигиеналық және медициналық-биологиялық зерттеулер сынақ зертханасының 2018 жылдың 20 наурыздағы № KZ.T.10.2041 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
3. «Сертис-М» ӨК сәйкестікті растау жөніндегі органының аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
4. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» веб-сайтына орналастырсын.
5. Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті қабылданған шешім туралы осы бұйрықтың 1, 2, 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерді хабардар етсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

