Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комисиясының 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 88-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Өскемен қ., «ECO AIR» ЖШС-ң сынақ зертханасының 2016 жылдың қантар айының 8 күні берілген KZ.И.07.1077 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың атмосфераға шығарындылары» өнімдер бойынша бөлігі қайта жаңғыртылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

