Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») РМК аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 165, № 166, № 167, № 168, № 169, №170, № 171, №179 және 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 164 хаттамалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Алматы қ., «ТелСет» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
2) Алматы қ., «Auto certification» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
3) Атырау қ., «Даларо / Оверсиз / Лимитед» ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасы;
4) Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК кәсіпорнының Жетісу облысы бойынша филиалының Кербұлақ аудандық бөлімшесінің сынақ зертханасы;
5) Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, ҚР ДСМ Атырау облысы бойынша КСЭК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Махамбет аудандық бөлімшесінің сынақ зертханасы;
6) Атырау қ., «RAM Engineering & Service» ЖШС-ның калибрлеу зертханасы;
7) Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның филиалы – «Ақмола магистральдық желінің бөлімшесі» Бурабай сигнал беру және байланыс Курорт - Бурабай дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы;
8) Алматы қ., ҚР ҒЖБМ ҒК «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы» ШЖҚ РМК-ның молекулярлық биология сынақ зертханасы;
9) Қарағанды қ., Қарағанды қаласының өндірістік алаңындағы «Альфа- Лаб» ЖШС-ның сынақ зертханасы.
2. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау. Өнімді, процестерді және қызметтерді сертификатта жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Қарағанды қ., «GIO TRADE» ЖШС-ның өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы аккредиттелсін.
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты Атырау қ.,«Атырау сертификаттау сынақ компаниясы - материалдар құрылысы» ЖШС-ның сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
4. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардын аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Қызылорда қ., «Etalon ortalygy» ЖШС-ның сынақ зертханасының;
2) Қарағанды қ., «Мedi TEC-NS» ЖШС-ның Қарағанды филиалының біліктілікті тексеру провайдерінің.
5. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты Астана қ., «SupEx» ЖШС-ның парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органының аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
6. Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Риддер қ., Алтай қ., «КазЦинк Автоматика» өнеркәсіптік кешенінің калибрлеу зертханасынан Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Риддер қ., Алтай қ., «КазЦинк» ЖШС-ның цифрлық технологиялар және сервис кешенінің калибрлеу зертханасына аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
7. «ҰАО» РМК экономика, жоспарлау және ішкі аудит басқармасы осы бұйрықтың 1 және 2 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
8. «ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізілсін.
9. «ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМК-ң аппарат басшысы М. Б. Копабаевқа жүктелсін.
11. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

