«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 23 сәуірден 2025 жылғы 23 шілдеге дейін ұзартылсын:
1) Семей қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ «Семей» филиалының сынақ орталығының № KZ.T.17.0691 аккредиттеу аттестаты;
2) Алматы қ., «КРАНЭНЕРГО ЛТД» ЖШС өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.О.02.0410 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директордың орынбасары А. Хасеновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2025 жылғы 15 сәуірден бастап туындайтын қатынастарға таралады.

