Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 135 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Арал аудандық бөлімшесінің сынақ зертханасы, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қ.;
2)«Газприбор» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қ.;
3) «Bado Legal Advisers» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
4) «Standart Orda» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Қызылорда қ.;
5) «Almaty-Autotest» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
6) «СКЗ-U» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Кейден ауылы;
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Стандарттау және сертификаттау орталығы» ЖШС-ң сынақ орталығы, Алматы қ.;
2) «Scientia Kazakhstan» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
3) «Scientia Kazakhstan» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы, Алматы қ.;
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Алматы филиалының тамақ өнімдерінің сынақ зертханасы, Алматы қ.;
2) «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ҒЗИ» ЖШС-ң сынақ орталығы, Алматы қ.;
3) «Қазақстандық аграрлық сараптамасы» АҚ-ң Түркістан филиалының сынақ орталығы, Шымкент қ.;
4. Аккредиттеу субъектісін қайта ұйымдастырылуына байланысты «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты» АҚ сынақ өрт зертханасы және «Республикалық азаматтық қорғау оқу-әдістемелік орталығы» / Қазақстан Республикасы ТЖМ «Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту ұлттық орталығы» АҚ өрт сынақ зертханасына, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жалпақсай ауылы аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
5. Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Күлсарыгаз» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Күлсары қ. / «KazGlobalSolution» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Күлсары қ.;
2) Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ зертханасы Талдықорған қ.; / Жетісу облысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ зертханасы Талдықорған қ.;
3) Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалының қоршаған орта мониторингінің кешенді зертханасы сынақ зертханасынан Атырау қ. / Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалының қоршаған орта мониторингінің кешенді зертханасына Атырау қ.
6. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
7. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

