Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 201 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Қызылорда қаласындағы, «Сыр-Арал сараптама» ЖШС бұзылмайтын бақылау және экологиялық мониторинг жылжымалы сынақ зертханасының 2020 жылғы 18 маусымдағы № KZ.T.12.1553 аккредиттеу аттестаты қайта жаңғыртылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК мониторинг және талдау департаменті аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін және веб-сайтқа орналастырсын.
3. Аккредиттеу жөніндегі комиссияның хатшысына жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектісін және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 429-ОД 08.04.2022 Сынақ зертханасын аккредиттеу аттестатын қайта жаңарту туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

