«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
-
Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 15 сәуірден 2025 жылғы 15 шілдеге дейін ұзартылсын:
- Қарағанды қ., «GIO TRADE» ЖШС өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.О.10.0495 аккредиттеу аттестаты;
- Алматы қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласындағы аумақтық филиалының зертханалары бар сынақ орталығының № KZ.T.02.0010 аккредиттеу аттестаты;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалының Түркістан қалалық бөлімшесінің сынақ орталығының № KZ.T.19.2320 аккредиттеу аттестаты;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалының Сайрам аудандық бөлімшесінің сынақ орталығының № KZ.T.19.2321 аккредиттеу аттестаты.
- «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
- «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директордың бірінші орынбасары Е. Қарасаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2025 жылғы 15 сәуірден бастап туындайтын қатынастарға таралады.

