Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2021 жылғы қантар айының 13 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 1 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO/IEC 17021-1-2015 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар» және ҚР СТ ISO/TS 22003-2017 «Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджменті жүйелері. Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджменті жүйелеріне аудит пен сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес аккредиттелсін.
ҚР СТ ISO/IEC 17021-2-2019 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар. 2 бөлім. Қоршаған орта менеджменті жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізу үшін құзыреттілігіне қойылатын талаптар», ҚР СТ ISO/IEC 17021-3-2019 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар.
3 бөлім. Сапа менеджменті жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізу үшін құзыреттілігіне қойылатын талаптар» және ҚР СТ ISO/IEC 17021-10-2019 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар. 10 бөлім. Еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау менеджменті жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізу үшін құзыреттілігіне қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес нұсқасына көшуі назарға келесі аккредиттеу субъектісі алынсын:
Талдықорған қ., ТОО «Талдыкорганский центр сертификации и экспертизы» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган;
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Ақтөбе қ., «АГЛ-Актобе» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Шығыс Қазақстан облысы, «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС-ң сынақ орталығы;
Ақтөбе қ., «Лидер-Консалтинг-Групп» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
2.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру және калибрлеу зертханалары аккредиттелсін:
Алматы қ., Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының ШЖҚ «Алматы Су» МКК-ң метрологиялық қызметінің салыстырып тексеру зертханасы;
Алматы қ., «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Шымкент қ., «Водомер» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Алматы қ., Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгi Геодезия және картография комитетінiң «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК-ң «Алматыгеодезия» филиалының метрологиялық қызметінің салыстырып тексеру зертханасы («Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» ШЖҚ-ң «Алматыгеодезия» филиалы);
Атырау қ., «Kazmunaiservices & Contracting» (Казмунайсервисис энд контрактинг) ЖШС-ң калибрлеу зертханасы;
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 Келесі аккредиттеу субъектінің аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Ақпаратты техникалық қорғау орталығы» РММ-ң сынақ зертханасы;
Атырау қ., «Batys-7» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Ақпаратты техникалық қорғау орталығы» РММ-ң өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органы;
3.2 Келесі аккредиттеу субъектінің ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Алматы қ., «ЭталонСтандарт» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Павлодар қ., «ТехТоргСнаб» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Өскемен қ., «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «САТиМ» автокөліктердің майын және отындарын сертификаттау бойынша сынайтын ғылыми-өндірістік орталығының сынақ зертханасы (орталығы);
3.3 Келесі аккредиттеу субъектілерінің атауының өзгеруіне байланысты:
Шымкент қ., Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК-ң «CАПА» сынақ орталығы атауы Шымкент қ., «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» коммерциялық емес
АҚ-ң «CАПА» сынақ орталығы атауына өзгеруіне байланысты;
Алматы қ. «Масимовтың денсаулықтыру орталығы» ЖШС-ң орталық цитологиялық зертханасы атауы Алматы қ. «Раяна денсаулықтыру орталығы» ЖШС-ң орталық цитологиялық зертханасы атауына өзгеруіне байланысты;
Нұр-Сұлтан қ., «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ-ң «Байланысты басқарудың бас орталығы» филиалының салыстырып тексеру зертханасы атауы Нұр-Сұлтан қ., «Автоматика, телемеханика және теміржол көлігіндегі байланыс орталығы» «Ақмола филиалының магистральдық желісі» «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ-ң салыстырып тексеру зертханасы атауына өзгеруіне байланысты;
3.4 Келесі аккредиттеу субъектілерінің мекен-жайы атауының өзгеруіне байланысты:
Қарағанды қ., «Казахстан сертификация» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Петропавл қ., «МЫРЗА-ХАН» ЖШС-ң Солтүстік Қазақстан филиалының «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасың медициналық зертханасы;
3.5 Келесі аккредиттеу субъектілерінің қайта ұйымдастыруына байланысты:
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» ШЖҚ РМК-ң инфокоммуникациялық технологиялар қауіпсіздігінің зертханасы атауы «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-ң инфокоммуникациялық технологиялар қауіпсіздігінің зертханасы атауына өзгеруіне байланысты
3.6 Келесі аккредиттеу субъектінің мекен-жайы өзгеруіне байланысты:
Алматы қ., «Центр стандартизации и сертификации» ЖШС-ң сәйкестікті растау жөніндегі орган;
Атырау қ., «Nexus Kazakhstan» » ЖШС-ң жылжымалы сынақ зертханасы;
Риддер қ., Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ң филиалы Риддер қаласындағы атмосфералық ауаның ластануын бақылау зертханасы.
6. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
7. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

