Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «TNG Group» ЖШС біліктілікті тексеру провайдерінің 2020 жылғы 16 қазандағы № KZ.C.01.2386 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. «Парасат-2050» ЖШС өнімдерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № KZ.O.05.0988 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын
3. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ «Жол диагностикасының орталығы» 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № КZ.Р.02.0624 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
4. «KAZЭРГО» ЖШС сынақ зертханасының 2018 жылдың 16 мамырдағы № KZ.T.03.2067 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
5. Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті қабылданған шешім туралы осы бұйрықтың 1 - 4 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерді хабардар етсін.
6. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтына орналастырсын.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
8. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап.

