Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2021 жылғы 8 сәуірдегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 71 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
«Сапа зертханасы» ЖШС мобильдік (жылжымалы) сынақ зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.;
«ПромЛидерЭксперт» ЖШС сынақ зертханасы, Қостанай қ.;
«Navistar Asia» ЖШС «КazAgroLab» агрохимиялық сынақ зертханасы, Көкшетау қ.;
«Научный аналитический центр» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қ.;
«Волковгеология» АҚ филиалы «Орталық тәжірибелі-әдістемелік экспедициясы» Химия-аналитикалық партиясы (зертханасы), Алматы қ.;
«Астанасертификация» ЖШС сынақ зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.;
«Каустик» АҚ сынақ орталығы, Павлодар қ.;
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК филиалы Алматы қаласы бойынша сот сараптамалары институтының сынақ зертханасы, Алматы қ.;
1.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру және калибрлеу зертханалары аккредиттелсін:
«Қамқор Локомотив» ЖШС «Ақтөбе локомотив жөңдеу депосы» филиалының салыстырып тексеру зертханасы, Ақтөбе қ., Шалқар қ.;
«БЕРЕКЕ 2004» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Павлодар облысы, Шалқар қ.;
«Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалының «Ақадыр сигнализация және байланыс дистанциясы» салыстырып тексеру зертханасы, Қарағанды облысы, Ақадыр кенті;
«ТЕПЛОМЕРА» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Ақмола облысы, Степногорск қ.;
«ТЕКЕЛИЙСКИЙ ЭНЕРГОКОМПЛЕКС» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Алматы облысы, Текелі қ.;
«САПСАН» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Атырау облысы, Күлсары қ.;
«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ салыстырып тексеру зертханасы, Өскемен қ.;
«САПСАН» ЖШС калибрлеу зертханасы, Атырау облысы, Күлсары қ.
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
2.1 Келесі аккредиттеу субъектінің аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
«Ecology Business Consulting» ЖШС сынақ орталығы (стационарлық және жылжымалы зертханалар), Нұр-Сұлтан қ.;
2.2 Келесі аккредиттеу субъектінің аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты:
«СЖС Қазақстан ЛТД» Шетелдік кәсіпорыны ЖШС мұнай сынау зертханасы, мобильдік сынақ зертханасы, Атырауская облысы;
«Стройдеталь» ЖШС сынақ зертханасы, Ақтөбе қ.;
«Региональный Научно-Практический Центр «Система» менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы, Павлодар қ.;
2.3 Келесі аккредиттеу субъектілерінің ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
«Туркестан KZ» ЖШС сынақ зертханасы, Шымкент қ.;
«Сертификат ғылыми зерттеу орталығы» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
«Поверка» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Орал қ.;
«Машиностроительный завод «ЗиО-Подольск» АҚ материалдарды зертханалық сынау орталығының сынақ орталығы, Ресей Федерациясы, Мәскеу облысы, Подольск қ.;
«Машиностроительный завод «ЗиО-Подольск» АҚ көзбен шолу және өлшемдік бақылау зертханасы, Ресей Федерациясы, Мәскеу облысы, Подольск қ.;
2.4 Келесі аккредиттеу субъектінің ҚР СТ ISO/TS 22003-2017 «Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджменті жүйелері. Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджменті жүйелеріне аудит пен сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
«Team Expert SM» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы, Нұр-Сұлтан қ.;
2.5 Келесі аккредиттеу субъектінің ҚР СТ ISO/IEC 17021-2-2019 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар. 2 бөлім. Қоршаған орта менеджменті жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізу үшін құзыреттілігіне қойылатын талаптар» және ҚР СТ ISO/IEC 17021-3-2019 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар. 3 бөлім. Сапа менеджменті жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізу үшін құзыреттілігіне қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
«КазСертЦентр» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы, Алматы қ.
3. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
4. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

